Қазақстан мен Ресей Байқоңырдың құрылған күнін бірге атап өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – «Союз МС-27» ғарыш кемесі басқарылатын ұшырылым қарсаңында «Байқоңыр» ғарыш айлағында Роскосмос басшысы Дмитрий Баканов пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Орамламағамбетовтың кездесуі өтті.

Руководители Казкосмоса и Роскосмоса провели встречу на Байконуре
Фото: Роскосмос

Тараптар «Байқоңыр» ғарыш кешенінің алдағы 70 жылдық мерейтойын, ғарыш айлағының туристік әлеуетінің мүмкіндіктерін талқылап, Байқоңырдың құрылған күнін бірлесе атап өтуге келісті. 

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей ғарыш ведомстволарының ынтымақтастығы күн тәртібінде – зымырандарды ұшыру және ғарыш кешенін жаңғырту бойынша «Бәйтерек» бірлескен жобасын жүзеге асыру. 

Руководители Казкосмоса и Роскосмоса провели встречу на Байконуре
Фото: Роскосмос

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні Роскосмос басшысы Байқоңырда NASA әкімшісінің ғарыштық бағдарламалар жөніндегі орынбасары Кеннет Бауэрсокспен кездесу өткізді. 

Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр қаласындағы «Космонавт» қонақ үй кешенінде өткен мемлекеттік комиссия отырысында жерүсті инфрақұрылымы мен «Союз 2.1а» зымыран тасымалдағышының ұшуға дайындығы расталып, ХҒС-қа ұшатын экипаж бекітілді.

Соңғы жаңалықтар