Қазгидромет: бүгін Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

«2025 жылғы 7 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, кеше Астанада және елімізідің тағы бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлайтынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар