06:05, 25 Желтоқсан 2024 | GMT +5
«Қазгидромет» желтоқсанның 25-і күнгі ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» болжамынша, бүгін ҚР аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болып, тек елдің солтүстігінде, батысында ғана аздаған қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің батысында көктайғақ болады, Алакөл көлдері ауданында жел күшеюі ықтимал.
Өскеменді кешелі бері түтін тұмшалап тұр.