Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Сіздің есіміңізбен байланысты- Қырғызстан Президенті Р. Отынбаева
КЕК. 7 шілде. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Президенті Роза Отынбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Сіздің есіміңізбен байланысты. Сіз Қазақстанды жаңару жолына шығарып, халқыңыздың дамыған елдердің қатарына қосылу туралы асқақ арманын орындай алдыңыз!
Біз Сіздің жетістіктеріңізге шынайы қуанамыз, Сізден көп нәрсені үйренеміз, халықтарымызға шынайы ынтымақтастық тілейміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге мықты денсаулық, Қазақстан халқының игілігі үшін Сіздің жауапты мемлекеттік қызметіңізге сәттілік тілеймін», - делінген құттықтау хатта.