«Қазмырыш» ЖШС-на өнімдерді Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары жеткізетін болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазмырыш» ЖШС мен қазақстандық кәсіпорындар 700 млн. теңгеге жуық сомаға отандық өнімдерді жеткізу туралы меморандумдарға қол қойды, бұл отандық тауар өндіруге айтарлықтай қолдау көрсетеді.

«Қазмырыш» ЖШС-на өнімдерді Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары жеткізетін болады

Қол қойылған келісімдер сабақтас өндіріс үшін жағдайлар жасамақ, қолдаудан бөлек, «Қазмырыш» өнеркәсіп алыбы бұйымдарды сынақтан өткізіп, апробациялайды, бұл өз кезегінде отандық өндіріс сапасын жақсартады. Меморандумдарға қол қою барысында кездесуге қатысушылар «Қазмырыш» ЖШС-на жеткізілетін және дайындалатын өнімдердің болжалды тізімін анықтады.

Арасында «Машзауыты» ЖШС, «Жөндеу-электрмеханикалық зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ сияқты компаниялардың өкілдері бұл ынтымақтастық жемісті болатынына сендірді.