Kaznex Invest агенттігі Инвестициялық жобалар мен шетелдік инвесторлардың бірыңғай мәліметтер базасын жасап отыр
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша Инвестициялық жобалар мен шетелдік инвесторлардың бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеп отыр.
Бұл база www.baseinvest.kz мекен-жайында орналасқан, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәліметтер базасы Қазақстан аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді: онда инвестицияны қажет ететін нысандардың тізбесі (салалық және аймақтық), сондай-ақ әлеуетті және қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан инвесторлардың тізбесі (салалық және аймақтық) берілген. Осы базаның арқасында Қазақстан аумағындағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жатқан шетелдік инвесторлардың жүйелік есебін жүргізу мүмкін болып отыр.