Қазіргі бессайыстан U19 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Испанияның Мадрид қаласында өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады.
Бапкерлер штабы жарысқа қатысатын жеті спортшыны таңдады.
Мадридте Қазақстан намысын Ерасыл Артықбай, Степан Варехин, Артур Лапин, Амаль Кусаинов, Диана Щедрова, Сабина Ахмедина және Яна Беспалова қорғайды.
Әлем чемпионаты 22-28 тамыз аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болғанын хабарлағанбыз.