«KazSat-3» спутнигінің ұшырылу сәтін 10-нан астам қазақстандық БАҚ таратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 2014 жылғы 28 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 10.25-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat-3» үшінші байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі ұшырылатыны белгілі.
None
None

Қазғарыштың баспасөз қызметінің мәліметінше, «KazSat-3» қазақстандық ғарыш аппаратының ұшырылуын кең көлемді ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық және ресейлік БАҚ-тардың 30-дан астам өкілі тіркелді. Қазіргі уақытта алғашқы түсірілім тобы «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы технологиялық жанармай құю алаңында зымыран тасығышты, оның №81 алаңының старттық кешеніне шығарылуын түсіруде. Сонымен қатар, журналистердің «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражайын, С.П.Королев және Ю.А.Гагариннің ескерткіш үйлерін, «Буран» орбиталды кемесін көріп келуі жоспарлануда. «Келесі күні, нақты айтқанда биылғы 28 сәуірде тіркеуден өткен барлық тілшілерде өз репортажын тікелей старттық алаңнан жүргізуге мүмкіндік болады», - делінген хабарламада. Айта кетейік, «KazSat-3» қазақстандық ғарыш аппаратының ұшырылуының тікелей көрсетілімін келесі сілтеме арқылы көруіңізге болады: www.tsenki.com/broadcast.

Соңғы жаңалықтар