«ҚазТрансГазАймақ» Азиялық сапа ұйымының марапатына ие болған алғашқы қазақстандық компания

АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы 15-19 қазан күндері Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азиялық сапа ұйымының алқалы жиынында (Asia Network for Quality, ANQ) «Азияны дамытуға арналған сапа» тақырыбы бойынша үздік деп танылды.

«ҚазТрансГазАймақ» Азиялық сапа ұйымының марапатына ие болған алғашқы қазақстандық компания

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтар сапа менеджменті саласындағы жетілдірген қызметі үшін Азиялық сапа ұйымының марапатына (Asia Recognition Excellence and Quality Practice Award) қол жеткізген.

Мұндай мәртебеге Жапонияның Toyota, Komatsu, Үндістанның Mahindra&Mahindra, Оңтүстік Кореяның Hundai сияқты компаниялары да ие болды. Іргелі ұйымға Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ресей, Қазақстан, Вьетнам сияқты 18 ел кіреді.