Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кеден одағы мемлекеттері аясында құқық қорғау заңнамаларын біріздендіре түсудің маңызы зор - Беларус ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кеден одағы мемлекеттері аясында құқық қорғау заңнамаларын біріздендіре түсудің маңызы зор. Бүгін Кеден одағына мүше мемлекеттер Ішкі істер министрлерінің кеңесінде Беларус Республикасы Ішкі істер министрі Анатолий Кулешов осылай мәлім етті.

Кеден одағы мемлекеттері аясында құқық қорғау заңнамаларын біріздендіре түсудің маңызы зор - Беларус ІІМ

Беларус ІІМ басшысы А. Кулешовтың пайымдауынша, ықпалдастық үдерістердің дамуы жаңа қылмыстық схемалардың құрылуына әсер етуі, ал олардың субъектілері екі немесе одан да көп елдерде орналасуы мүмкін. Бұл ретте қылмыстық орта ұсынатын құжаттардың жалғандығын тексеру де қиынға соғуы ғажап емес. «Осыған орай, Кеден одағы мемлекеттері аумағында қылмысқа қарсы күрес мәселелерінде өзара байланысты тереңдете түсу туралы ұсыныс өзекті. Бұл ретте Кеден одағы аясында күштер мен қаражатты оңтайлы орналастыру, нормативтік-құқықтық актілерге үш елдің құқық қорғау заңнамаларын бірізділендіре түсу туралы мәселе баса назар аударуды қажет етеді», деді Беларус министрі.