Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кеден одағы, мейлі Шығыстың болсын немесе Батыстың болсын, әлдебір үшінші еліне қарсы бағытталмаған - ресейлік сарапшының пікірі

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 2-сі. ҚАЗАҚПАРАТ/Руслан Сүлейменов/ - Кеден одағы, мейлі ол Шығыстың болсын немесе Батыстың болсын, әлдеқандай үшінші еліне қарсы бағытталмаған. Бұл туралы бүгін жұма күні Бейжіңде ресейлік ақпарат орталығындағы баспасөз мәслихатында Экономика жоғарғы мектебінің - Мемлекеттік университеттің профессоры Иван Иванов мәлімдеді.

Кеден одағы, мейлі Шығыстың болсын немесе Батыстың болсын, әлдебір үшінші еліне қарсы бағытталмаған - ресейлік сарапшының пікірі

И. Иванов Аспанасты елі астанасында «Валдай» пікірсайыс клубының ресей-қытайлық бөлімшесі аясындағы «Ресей мен Қытай жаңа халықаралық жағдайда» сараптамалық конференциясына қатысқан болатын.

И. Иванов мәлімдегендей, Кедендік одақ құру кестеге сәйкес жүзеге асуда, бірыңғай сыртқы кедендік тариф жасалған. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Ресей, Қазақстан және Беларус шекараларынан тауарларды кедендік реттеу сыртқы шекараларға шығарылады.

«2012-ші жылдан бастап біз осы одақ негізінде Бірыңғай экономикалық кеңістікке ауысамыз. Бұл үшін 20-ға жуық келісімдер жасалуда, 7-уінің тұжырамдамасы бекітіліп те қойды. Тарифтер сол күйінде қалды, ауытқу 5 пайыздың ар жақ, бер жағы, одан көп емес», - деп атап өтті ол.

Кедендік одақтың қорғау шараларына қатысты И. Иванов «олар ДСҰ ережелері мен қағидаттарындай тұжырымдалған» деп атап көрсетті. «ДСҰ-ға кіру біздің үш елімізге де басым күйінде қалады, Кедендік одақ құзырына кіретін мәселелер бойынша түсіністік қалыптасқан, ДСҰ-ға біз ұжымдық негізде кірмекпіз», - деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ конференция барысында ресей-қытайлық сауда-экономикалық ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Халықаралық «Валдай» пікірсайыс клубы жұмысына қатысушылардың бірі, Ресей Ғылым аадемиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының Азия-Тынық мұхиты зерттеулер орталығының ғылыми хатшысы Вячеслав Амиров хабарлағандай, «сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі түрі шарықтау шегіне жетті, сосын да біз өзара іс-қимылымызда жаңа салаларды іздестіру қажет деп таптық».

Мұнан басқа зерттеуші семинар жұмысына қатысушылардың әлемдік экономикадағы жағдайдың ғаламдық дағдарыстан кейінгі жайын да талқылағанын айтты. «Көптеген елдерде экономиканың жандана бастау белгілері білінгенімен, жағдай әлі күнге дейін беймәлім болып отыр», - деп қосты ол.