Кеден одағы тауар құнын 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді - Атырау облысының әкімі

ТРАХАН. 13 қазан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Кеден одағы Атырауға шекара маңы саудасы аясында Астрахан облысынан Атырауға жеткізілетін тауар құнын 30 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік берді.

Кеден одағы тауар құнын 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді - Атырау облысының әкімі

Ал екі облыс арасындағы тауар айналым алғашқы жарты жылдық ішінде 1,5 есеге өсті.

Бұл туралы Астарханда Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев пен Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкин арасында өткен келіссөздер барысында белгілі болды.

Биыл екі облыс арасындағы келісім бойынша астрахандықтар Атырауға жергілікті азық-түлік тиелген көліктер жібереді. Атырауда өтетін жәрмеңкелерде бұл өнімдердің құны өндірушілер бағасымен сатылады. Осы аптада қазақстандық кәсіпкерлер де Астрахан облысына өздерінің алғашқы тауарларын жіберді. Қазір Астраханда Атырау облысының күндері өтуде.

Жұмыс кездесуінің соңында екі көршілес аймақтың басшылары қол қойған хаттамаға сауда-саттықтың осындай үлгісін заңдастырған пункт енгізілді.

«Бұның барлығы өзара тиімді ынтымақтастық кедергісіз әрі құқықтық негізде болуы үшін қолға алынып жатыр», - деп хабарлады Б.Рысқалиев.