Кеден одағына мүше елдерінің Үкімет басшылары ДСҰ-ға қосылу мәселелерін талқылайды

МИНСК. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Минскте ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысының аясында (Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағының жоғарғы органы) Қазақстан, Ресей және Беларусь Үкімет басшылары: Кәрім Мәсімов, Владимир Путин, Михаил Мясникович ДСҰ-ға қосылу мәселелерін талқылайды.

Кеден одағына мүше елдерінің Үкімет басшылары ДСҰ-ға қосылу мәселелерін талқылайды

Бұдан басқа Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасу барысын, сонымен қатар бақылауды Ресей-Қазақстан шекарасынан Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыруды ұйымдастыру мәселелерін қарау жоспарлануда.

Сондай-ақ үш елдің Үкімет басшылары ЕурАзЭҚ соты қызметін ұйымдастыру мен қалыптастыру, ұлтүстілік органдар жұмысын жетілдіру және басқа да бірқатар мәселелерді қарайды деп күтілуде.