10:34, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Кеден одағының құрылуы Қазақстанда экономиканың дамуындағы оң үрдістерге әкелуде - К.Мәсімов
АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Кеден одағының құрылуы Қазақстанда экономиканың дамуындағы оң үрдістерге әкелуде. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда өткен Кеден одағы жоғарғы органының мәжілісінде осындай мәлімдеме жасады.
2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап өз жұмысын бастаған Кеден одағы тағы да өз тиімділігін дәлелдеп, әр елдің ұлттық экономикаларының дамуына сай келіп отыр. Атап айтқанда, Кеден одағының құрылуы Қазақстанда көптеген оң үрдістерге әкелуде. Экономиканың өсуі, оның ішінде Кеден одағының аясындағы даму үрдісінің арқасында, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында 7 пайыздан астамды құрады», деді К.Мәсімов өз сөзінде.