Кеден одағының құрылуы нақты экономикалық ықпалдасуды білдіреді - Ресей Елшісі М. Бочарников
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан мен Ресей үшін қиын кезеңдер артта қалатын, қарым-қатынастың жаңа сатысына, биік шыңына шығатын кез келіп жетті. Атап айтқанда, Кеден одағы нақты ықпалдастықтың көрінісі болып табылады. ҚР Президенті Н. Назарбаев қашанда дәл осындай байланыстарға бастамашы болып келіп еді. Енді Мемлекет басшысының кезекті бастамасы елдерді бұрынғыдан да түрлі салалар бойынша жақындастыра түсетін болды», деді М. Бочарников әңгіме барысында.
Сонымен бірге, кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында Елші, үш мемлекет аясында құрылып отырған Кеден одағын бұрынғы кеңестік республикалар үшін ықпалдастық жолындағы тарихи оқиға деп атап өтті. «Біз экономикалық ынтымақтастық жолында алға жылжуды қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл ретте Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында жаңа, өте маңызды қадам жасалды. Бұны бұрынғы кеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдастықтың тың жолы деп атасақ, артық айтқандық емес», деді Елші.