Кеден одағының уақытша сот органы Қазақстан астанасында орналасатын болады - Владимир Путин

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Кеден одағының уақытша сот органы Қазақстан астанасында орналасатын болады. Бұл туралы РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин Кедендік одақтың жоғары органының отырысы қорытындысы бойынша өткен брифингіде мәлім етті.
None
None

«Біз Қазақстан астанасы - Астана қаласында орналасатын екі жақты негізде уақытша сот органын құрамыз», - деді В.Путин.

Ресей Үкіметінің басшысы кез келген шаруашылық жұмыста даулар туындауы мүмкін екендігін атап өтті. «Мұнсыз болмайды», - деп атап көрсетті В. Путин.

Соңғы жаңалықтар