16:42, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Кедендік Одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жетеді
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кедендік Одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық 20 миллиард АҚШ доллары көрсеткішіне жетеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев мәлім етті.
«Жалпы Кедендік Үштіктің арасындағы сауда көлемі үлкен қарқынмен өсуде», - дейді Б. Майлыбаев.
Оның сөзінше, бүгінде Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттерінде бизнес ашуға ниет білдірген Қазақстан кәсіпкерлерінің саны күн санап артуда.