18:55, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Кедендік одақ құру аясында Қазақстан мен Ресейде жанар-жағармайдың жеке сатылымдағы бағасы теңесетін болады
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кедендік одақ құру аясында Қазақстан мен Ресейде жанар-жағармайдың жеке сатылымдағы бағасы теңесетін болады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин айтты.

«Кедендік одаққа кіруге байланысты оның әсер болатыны сөзсіз. Қазіргі таңда бізде мұнай өнімдерінің көтерме бағасы іс жүзінде Ресеймен бірдей. Ал жеке сатылым бағасына келер болсақ, біздің нарық ресейдікіне қарағанда біршама арзандау», - деп атап өтті ол.
Компания басшысы бұл жайтты Ресейдегі ішкі бағаның экспорттық кедендік салыққа тәуелділігінен деген тұжырымын алға тартады. «Ресейлік тарап белгілейтін экспорттық кедендік салық жоғары болған сайын мұнай өнімдерінің бағасы да жоғары болады», - деді Қ.Қабылдин.
Осы орайда ол бірыңғай кедендік кеңестік құру аясында жанар-жағармайдың еліміздегі жеке сатылымдағы бағасы ресейлік бағамен теңесетінін айтып отыр.