19:09, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Кедендік одақтың Кедендік кодексінің беларустық заңнамадан айтарлықтай айырмашылығы жоқ - А.Кобяков
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Жекелеген мәселелерді қоспағанда, Кедендік одақтың Кедендік кодексінің Беларус заңнамасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.
Бұл жөнінде жұма күні, желтоқсанның 4-інде Беларус вице-премьері Андрей Кобяков Өкілдіктер палатасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.
Беларустың, Ресейдің және Қазақстанның Кедендік кодексі 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап қолданылады.
Кедендік одақ Кедендік кодексінің Беларус заңнамасынан маңызды айырмашылығы кедендік іс саласындағы тұлғалар (кедендік агенттер, кедендік тасымалдаушылар және уәкілетті экономикалық операторлар) қызметтерінің шарттары бойынша ұстанымдары болып табылады.
Андрей Кобяков Кедендік кодекстің Беларустің қолданыстағы заңнамасынан айырмашылығы ретінде баж салығы салынбай сауда жүргізілетін дүкендердің жұмыс істеуін атап айтты.