Келесі жылдан бастап Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндетті болады
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл заң нормалары қабылданып, классификаторды жүргізу тәртібі белгіленді. Қазір каталог пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов хабарлады.

— Жобаға Anvar, Small, Magnum сияқты ірі сауда дүкендері қосылды. Жүйеге 100 мыңнан астам тауар атауы қосымша енгізілді. Енді чектегі барлық тауардың NTIN арнайы коды көрсетіледі. NTIN коды халықаралық GTIN (13 таңбалы тауар коды) кодына ұқсас, — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, тауарға берілген код арқылы оның барлық циклін — зауыттан шыққанын, қайда жіберілгенін көруге болады. Бұл көлеңкелі сауданы, сапасыз өнім шығаруды болдырмауға және әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік береді. Ұлттық тауарлар каталогына тауар айналымына қатысушылар қосыла алады. Жоба аясында жаппай қосылуға арналған оқу материалдары, нұсқаулар мен интерфейстер дайындалады.
Айта кетелік 9 қазақстандық кәсіпорын Қытайдың тамақ өнімдеріне жатпайтын тауарлар тізіліміне енді.