Келесі жылдан өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төленеді
АСТАНА. KAZINFORM – Келесі жылдан бастап өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төлене бастайды. Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа ерекше назар аударамыз. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықтың үлкен сеніміне ие. Құтқару операцияларын жүргізудің ашықтығы бір жағынан халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруды насихаттайды. Әлеуметтік қолдауды жақсарту аясында төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу мәселесі шешілуде. Төлемдер келесі жылдан бастап бірінші кезекте өрт сөндірушілерге және жекелеген санаттарға көзделген», - деді Шыңғыс Әрінов.
Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала болатындығын жазған едік.