«Келімсектер ауылда» қазақстандық комедиясы Қырғызстанда көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Келімсектер ауылда» атты тұңғыш қазақстандық фантастикалық комедия Қазақстанда ғана емес, Қырғызстанда да көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Samai Media кинокомпаниясының PR-директоры Дания Азатова хабарлады.
Сонымен бірге, ол картина премьерасының 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға ауысқанын хабарлады. Себебі, тілшісіне Samai Media мен қытайлық кинокомпания фильмді Шыңжан-ұйғыр автономиялық ауданында көрсету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Қытайлық тараптың шартына сәйкес, келіссөздер аяқталғанша фильм көрсетілімі басталмау керек.
«Келімсектер ауылда» фильмінің премьерасы 2016 жылы 1 желтоқсанда өтуі тиіс еді. Фильмді Қазақстан мен Қырғызстанда көрсету жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, фильмде продюсер және актер Нұртас Адамбайға ұқсайтын 22 жастағы Ержан Тұрсағұлов ойнайды. Түсірілім жұмыстары шілде айында басталды және бір айға жуық Алматы облысындағы Қаскелең, Үшқоңыр ауылдарында жүрді. Актерлер кастингтер мен театрлардан іріктелді.