16:34, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Келісімдерге қол қойылды
күйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Эстония үкіметтерінің арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды,

деп хабарайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, ҚР Үкімет басшысы К. Мәсімов пен Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансип екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ екі ел үкіметтері арасындағы дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Мұнымен қоса Қазақстан мен Эстония білім және ғылым министрліктері арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.