Кеңгірбай Смағұлов Сәтбаев әкімі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Сәтбаев қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап Сәтбаев қаласын Кеңгірбай Смағұлов басқарады.

Сәтбаев қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Кеңгірбай Смағұлов 1978 жылы туған.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша Салық комитетінің жинау бөлімінің салық инспекторы қызметінен бастаған.

2001–2002 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитетінің кәсіпкерлік және тұтыну нарығын дамыту бөлімінің бас маманы;

2002–2004 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитетінің қаржы-несие қатынастары, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;

2004–2005 жылдары Жезқазған қаласы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту комитетінің бөлім басшысы;

2005–2006 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы;

2006 жылы Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2006–2008 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2008–2009 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2009–2010 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

2010–2013 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;

2013–2015 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;

2015–2020 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

2020 жылы Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2020–2022 жылдары Қарағанды облыстық «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары;

2022 жылы «AMANAT» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесінің жауапты хатшысы;

2022–2023 жылдары Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2023-2024 жылдары Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін, яғни, 2024-2026 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

Еске салайық, мұның алдында Мұрат Бөрібаев Жезқазған әкімі болып тағайындалғанын жазғанбыз.