Кентауда моноқалаларды дамыту аясында 3 жаңа шағынаудан құрылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентауда моноқалаларды дамыту аясында 3 жаңа шағынаудан құрылады. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

Кентауда моноқалаларды дамыту аясында 3 жаңа шағынаудан құрылады

Оның айтуынша,  қалада «Моноқалаларды дамытудың 2020 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында бүгінде «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» шағын аудандарының инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 2016 жылы Кентау қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы баяндаған қала әкімі жалпы өнім көлемі 3 ай қорытындысымен 5,1 млрд теңгеге жеткен.  1 тоқсанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 939,3 млн теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы өнiмінің жалпы көлемi 274,8 млн теңге болған.  

«Қалада жалпы құны 4 млрд 50 млн. теңге болатын «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры «Қызыл әскер» 1230 шақырымынан Қарнақ ауылы №14 АГРС-ге дейін тартылатын магистралдық газ құбырының ЖСҚ-сы дайындалды. 2015  жылы аталған құрылыс нысанына жалпы 1 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 100 млн теңге, облыстық бюджет есебінен 900 млн теңге қаралған.  Бүгінгі күнге бөлінген қаржылар атқарылған жұмыстарына сәйкес   толық  игерілген», - деді қала  басшысы.