Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кей өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Тек Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады. 

Погода, дождь, Астана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын бірнеше барикалық түзіліс қалыптастырады. Алдымен солтүстік циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжиды, оның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 15 тамызда циклонның артынан антициклон жылжи бастайды. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады. Оңтүстік ауа ағындары жауын-шашынсыз ауа райы мен жоғары температуралық фонды сақтайды. Күндіз ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. 

Айта кетелік елдің солтүстігінде және батыстың кей жерлерінде аптап ыстық басылатыны туралы жазған едік