Кейінгі Олимпадаларда ел спортшылары неге төмен нәтиже көрсетті - министрлік түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін қысқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Есеп комитеті аудитінің қорытындысы бойынша 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалар жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін, оған қатысатын спортшылар 130-дан 97-ге дейін төмендеген. Ал жалпы жеңіп алынған орындар санынан алтын және күміс медальдар 0% дейін кеміді. Атап айтқанда алтын 43%-дан, ал күміс медаль жалпы жүлде санының 57%-нан 0%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрін дамытуға 646 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың 72% спорттың ел үшін басымдығы мен маңызын есепке алмай бағытталды», - деп жазылған Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Қоса кетсек, бұған дейін «Қазақстан барысы» қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеп еді.


Соңғы жаңалықтар