Кездесуде екі мемлекет арасындағы интеграциялық процестерді дамыту жайлы жан-жақты әңгіме болды
ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Минскіде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасы Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сұхбат барысында Астана мен Минск арасындағы саяси үнқатысудың дамып келе жатқаны, соның нәтижесінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенділігі артқаны анық байқалып отырғаны айтылды. Қазақстан Беларустің ТМД шеңберінде үштікке енетін ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.
Биылғы жыл басынан Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы өзара тауар айналымы жақсы жағдайда өркендеп келеді.
Мәлімет келтірер болсақ,Қазақстан мен Беларусь арасындағы 2010 жылғы сыртқы тауар айналымы 657,2 млн.астам АҚШ долларын құрайды. 2009 жылдағыдан 1,5 есе көп.
2011 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 401,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы қатынастан 37,1 пайызға көп.
Кездесуде екі мемлекет арасындағы ықпаластық үдерістерді дамыту жайлы жан-жақты әңгіме болды.