Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік партиясы ОК саяси бюросының мүшесі Юй Чжэншэн бастаған Қытай Халық Республикасы компартиясы делегациясымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда- экономикалық және мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар серіктестікті дамытудың ағымдағы жай-күйі туралы әңгімелесіп, екі елдің арасындағы жан - жақты қарым - қатынасты әрі қарай кеңейтуге әлеуеттің анағұрлым екенін атап өтті.
Кездесу соңында Кәрім Мәсімов пен Юй Чжэншэн Қазақстан мен Қытайдың аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзара ынтымақтастығы әрі қарай нығаятынына сенім білдірді.