ҚХА жылына орайластырылған «Менің елім» экспедициясы жолға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділері мен атыраулық мотоклуб мүшелері «Менің елім» атты ерекше жобаны бастады, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Республикалық мотошеру Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орайластырылған. Жастар осы жобасы арқылы қазақ елін Отаным деп білетін түрлі ұлттар мен конфессиялар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Мотожарысқа қатысушылар еліміздің 20-дан астам қаласы мен шетелдік туристердің қызығушылығын арттыратын табиғаты көрікті, тарихи-мәдени ескерткіштер сақталған өңірлердің барлығын аралап өтеді. 18 күнге созылатын саяхат барысында байкерлер 9 мың шақырымға жуық жолды бағындырмақ ниетте. Осы мақсатта бүгін атыраулық және ақтаулық мотошабандоздардан құралған 5 адам ұзақ сапарын бастап кетті. Ал мотожарыстың өзге мүшелері жол-жөнекей басқа облыстардан қосылып отырады.

«Бұл жобаны былтырдан бастап қолға алып келеміз. Патриоттық маңызы жоғары шараның биылғы жағрафиялық ауқымы анағұрлым кеңіді. Біз еліміздің отансүйгіш және спортты жаны сүйетін белсенді жастарының қарым-қатынасын байытуды көздейміз. Ал ақпараттық-насихаттық пайдасы кең-байтақ отанымыздағы ішкі және сыртқы туризмнің дамуына серпін береді. Мотожарыстың нәтижесі елордамыз Астана қаласында қорытындыланатын болады», - деді «Менің елім» экспедициясының жетекшісі Олег Шмаль.

Соңғы жаңалықтар