ҚХР азаматтарына берілетін қазақстандық визаның 70 пайыздан астамын этникалық қазақтар алды - ҚР Елшісі Ш.Нұрышев

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанның ҚХР-ғы дипломатиялық өкілдіктері мен мекемелері Қытай азаматтарына берген 111 мың қазақстандық визасы ішінде 80 мыңы этникалық қазақтарға тиесілі. Бұл туралы қазақстандық тілшілер үшін өткізілген баспасөз конференциясының барысында ҚХР-дағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев хабарлады.
None
None

-Жалпы статистика: былтыр Қытай азаматтарына 111 мың виза берілген. Бұл Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі Елшілігі, Шанхайдағы Бас консулдығы, Гонконгтағы Бас консулдығы және Үрімшідегі төлқұжат-визалық қызметті қамтиды. Бірақ, соның ішіндегі 80 мың адамның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінде тұрып жатқан этникалық қазақтар екенін ескеру керек. Яғни, қалғаны Қазақстанға іскерлік, туристік, инвестициялық мақсатта виза алған 31 мың адам, - деді ол қазақстандық тілшілердің сұрақтарына жауап берген Елші.

Ш.Нұрышев Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін барынша көп адам көруі қажет екенін атап өтті. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Қытайдың халықаралық туризм бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар