ҚХР-да қор нарығының құлдырауы қазақстандық-қытайлық уағдаластықтарға әсер етпейді - Н.Назарбаев

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-да қор нарығының құлдырауы қазақстандық-қытайлық уағдаластықтарға әсер етпейді.
None
None

Бұл туралы қазақстандық журналистерге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Дәйек ретінде ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен әңгімелерінің бірінің мазмұнын келтірді.

«Біріншіден, біз әлемде болып жатқан құбылыстарды бақылап отырмыз. Бұл бізге әсер етпейді (...) Қытайдың қор нарығына келер болсақ, мұнда жүріп жоғары басшылықтан: «Бұл не?» деп сұрадым. Мәселен, төраға (Си Цзиньпин - ҚазАқпарат түсіндірмесі): «Бастапқыда мен бұған мән бермегенмін», деп жауап берген», - деді Н.Назарбаев.

«Батыс қор нарықтары жайлы айтқанда, онда NASDAQ немесе Dow Jones тобындағы ғылыми-техникалық компаниялар қатысады, бұл - ірі мұнай компаниялары, - деді Елбасы. - Ал мұнда қор нарығында жеке компаниялар жұмыс істейді. Ірі компаниялар мемлекетке тиесілі болғандықтан, олар қор нарығына қатыспайды. Сондықтан акциялардың жеке иелері маңызды рөл ойнамайды. Біз бұл туралы білмедік. Яғни, мұнда жағдай басқа. Бұдан еш жақсылық күтпейміз, алайда, жалпы алғанда, бұл Қытай экономикасына әсер етпейді. Олар қор нарығы жөнінде маған осылай түсіндірді», - деп қосты Елбасы.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Соңғы жаңалықтар