Kia өрт шығу қаупіне байланысты 460 мыңнан астам көлігін АҚШ-қа қайтарып жатыр
АСТАНА.KAZINFORM - Kia компаниясы 2020-2024 жылдары АҚШ-та шығарылған 462 869 Kia Telluride көліктерін электроникасындағы ақауға байланысты өрт шығу қаупі бар деген сақтықпен кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды FOX Business.
Өндіруші электр орындығын реттеу механизмінің қақпағы немесе тұтқасы соғылса, қосқыш дұрыс орналаспауы немесе зақымдалуы мүмкін екенін хабарлайды, бұл орындық қозғалтқышының қызып кетуіне әкеледі.
Көлік жүргізу немесе тұраққа қою кезінде өрт шығу қаупіне байланысты иелеріне көшеде, басқа көліктер мен ғимараттардан алыс тұраққа қоюға кеңес берілді.
Аталған көлікке қатысты жеті орындық өрті және 11 орындық қозғалтқышының еру жағдайы тіркелді. Көлік иелеріне хабарлама хаттары 13 тамызда жіберіледі. Осыдан кейін Kia дилерлік орталықтары орындық қосқышы орнынан қозғалып, деформацияланып немесе басқаша зақымдалған жағдайда электр орындығының үздіксіз жұмысына кедергі келтіретін электрондық сақтандырғыш қораптарын орнатады.
Осы жылдың 7 наурызында Огайо штатында 2026 жылғы Hyundai Palisade көлігінің автоматты орындығы баланы қысып қалды, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиғадан кейін Hyundai Солтүстік Америкадағы модель сатылымын тоқтатып, 69 мыңнан астам көлікті кері қайтара бастады.
Бұған дейін Hyundai қауіпсіздік белдігіндегі ақауға байланысты 568 мың автокөлікті кері қайтарып жатқаны хабарланған.