Кинопоисктегі ұлттық прокаттағы үздік 10 фильм: алматылықтар қай фильмді таңдайды
АСТАНА. KAZINFORM - Осы айда Кинопоиск өз видеосервисінде қазақстандық кинопрокаттың ең танымал үздік 10 фильмін ұсынды. Тізімге Орталық Азияда түсірілген және Қазақстан прокатының барлық кезеңіндегі ең көп кассалық табыс жинаған фильмдер кірді. Олардың көпшілігі The Worldwide Box Office Authority деректеріне сәйкес 1 млрд теңгеден астам жинаған.
Ондықтағы фильмдердің қайсысы көрермендердің сүйіктісіне айналғанын анықтау үшін, Кинопоиск Алматы тұрғындары арасында сауалнама жүргізді. Қала тұрғындарының жауаптары бар бейнені осында көруге болады. Сауалнамаға әр түрлі жастағы және кәсіптегі тұрғындар қатысып, өз әсерлері мен қазақстандық фильмдердің сүйікті сәттері туралы әңгімеледі. Бұл алматылық көрермендердің фильмдерге деген көзқарасын көрсететін қызықты және шынайы шолу.
Кинопоисктегі ұлттық хиттердің ТОП-10 тізімі:
- «Дәстүр» — қазақ дәстүрлеріне негізделген қорқынышты фильм
- «Таптым-ау сені» — махаббат пен отбасын құру жайлы комедия
- «Пейіш» — жұмақты іздеу туралы әсерлі оқиға
- «Брат или Брак 3» — басты кейіпкер көптен бері жоғалтқан егіз бауырымен кездесетін сүйікті комедияның жалғасы
- «Zhezduha» — қазіргі Қазақстан өмірі туралы танымал веб-сериал негізінде түсірілген фильм
- «Хотя бы кинода 3» — басты кейіпкердің анасын құтқару үшін ұрланған жүкті табуға мәжбүр болатын қызықты комедия
- «Қазақша бизнес Үндістанда» — кейіпкерлер үнді кеңістіктерінде жаңа шытырман оқиғаларға тап болады
- «Қазақша бизнес Бразилияда» — танымал франшизаның жаңа бөлімі, Оңтүстік Америкаға кейіпкерлер аттанады
- «Қазақша бизнес Түркияда» — Түркияға қазақ бизнесі стилінде жасалған сапар
- «Қазақша бизнес Кореяда» — кейіпкерлер қымбат жабдықты жөндеуге Оңтүстік Кореяға барып, жаңа қызықтар мен шытырман оқиғаларға тап болады.
2024 жылы қазақстандық кинопрокат әсерлі өсім көрсетті: бірінші жартыжылдықтағы алымдар 25,48 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары. Кинопоиск Қазақстандық кинематографияны қолдап, көрермендерге ең табысты жобалар арқылы отандық фильмдер әлеміне енуге мүмкіндік береді. «Ұлттық кинопрокаттың ең танымал фильмдерінің ТОП-10» жобасы қазақстандық киноны насихаттауға және оның аудиториясын кеңейтуге бағытталған. Қазақстандық фильмдер жергілікті көрермендер арасында да, шетелде де үлкен сұранысқа ие болып, олардың танымалдылығы мен жоғары сапасын дәлелдеп отыр.