Кипр Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM –2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақорда
Фото: Kazinform

3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. 

Айта кетелік Кипрмен әуе қатынасы ашылатыны туралы жазған едік