Кипрмен әуе қатынасы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Рейстер әрбір бағыт бойынша аптасына 2 рет жиілікпен орындалады. 

Кипрмен әуе қатынасы ашылады
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Осылайша, «Air Astana» әуе компаниясы ағымдағы жылғы 2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 4 маусымнан бастап әуе компания Алматы – Ларнака бағыты бойынша рейстерді іске қосады. Рейстер әрбір бағыт бойынша аптасына 2 рет жиілікпен «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Әуе қатынасын іске қосу елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады. 

Айта кетелік келесі жылдан бастап Гонконг пен Алматының арасында тікелей әуе рейсі қатынайды