Қырғызстан билігі бизнесті тексеруге қойылған шектеуді алып тастады

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге шектеу қоятын жарлықтың күшін жойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Қырғызстан президенті
Фото: Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі

Тиісті құжат Қырғызстанның «Эркин-Тоо» мемлекеттік газетінде жарияланды.

— Кәсіпкерлік субъектілерге тексеру жүргізуге уақытша тыйым салатын (мораторий) президент жарлығының күші жойылды деп танылсын, — делінген құжатта.

Тоқтала кетейік, аталған мораторий 2024 жылы 9 қаңтарда жарияланған болатын. Биыл қаңтарда Қырғызстанның Экономика министрлігі бизнеске тексеру жүргізуді шектейтін құжаттың күшін жоюды ұсынды. Өйткені, ведомство бұл бағытта Садыр Жапаров жүктеген барлық тапсырманы орындап үлгерген.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда көмірдің бағасын мемлекет тарапынан реттеу тоқтатылды.

Сонымен қатар, Қырғызстанда жер салығының мораторийі 2030 жылға дейін ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар