Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстан электр қуатының үзілуіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА.KAZINFORM - «Қырғызстанның Ұлттық электр желісі» ААҚ Бішкектің кейбір аудандары мен елдің басқа да бірнеше қаласындағы электр қуатының үзілу себебін анықтады.

Отключение электричества прокомментировали в Кыргызстане
Фото: Magnific

Ұйым мәліметінше, 14 тамыз күнгі сағат 15:34-тегі Қазақстанның электр желісіндегі солтүстік және оңтүстік бөліктерін жалғайтын жоғары вольтты желінің сыртқы үзілісінен Орталық Азияның Бірыңғай энергетикалық жүйесі оқшауланған.

-Қырғызстан Республикасының электр желісі уақытша оқшауланған жұмыс режиміне көшті. Жабдықтарды сақтау үшін автоматты басқару жүйесі ережелерге сәйкес жұмыс істеді. Жағдай энергетиктердің бақылауында. Электр желісінің мамандары жұмысты тұрақтандыру және қалыпты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды, - делінген мәлімдемеде.

Қысқа мерзімді электр қуатының үзілу себебі туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан аудандары жаппай жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.