Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстан электромобиль өндірісін бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан BARS ұлттық брендімен электромобиль өндірісін бастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды агенттіктің Бішкектегі тілшісі.

Кыргызстан запускает производство электромобилей
Фото: Кешкі Бішкек

Қырғызстан Экономика және сауда министрлігінің мәліметінше, электр қозғалтқышты жолаушылар көлігі, коммерциялық және мамандандырылған көліктер шығаратын зауыттың іске қосылуы 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Қазір жобаның 75%-ы аяқталды.

Бастапқыда өндірісті жартылай құрастыру арқылы ұйымдастыру, содан кейін толығымен құрастыруға және толық өндіріс цикліне көшу жоспарланған.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 000 көлікке дейін жетеді, бұл 100 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

BARS ұлттық брендімен электромобиль шығару Қырғызстанның ішкі сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, Орталық Азия елдері мен Еуразиялық экономикалық одаққа белсенді түрде экспорттауға бағытталған.

Бұған дейін Қырғызстан электромобильдерді бажсыз импорттауға қосымша квота алған болатын.