Қырғызстан Қытайға қарызын 2035 жылға дейін толығымен өтейді
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров журналист Әли Токтакуновқа берген сұхбатында елдің сыртқы қарызы туралы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі.
Қырғызстан басшысының айтуынша, мемлекеттің 2020 жылға дейінгі жалпы қарызы 5 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 70%-ы болды. Оның ішінде сыртқы қарыз 4,2 млрд доллар, ал ішкі қарыз — 708 млн доллар.
2026 жылы жалпы қарыз 10 млрд долларға жетті, бұл ЖІӨ-нің 37%-ын құрады. Сыртқы қарыз 5,2 млрд долларға дейін, ал ішкі қарыз 4,8 млррд долларға дейін өсті. Осы жылдары сыртқы қарыз тек 1 млрд долларға өскен, несиелер әртүрлі халықаралық қаржы институттары мен Қытайдан алынды.
Садыр Жапаров 2020 жылға қарай елдің Қытайға сыртқы қарызы 1,8 млрд доллар болғанын, бірақ соңғы бес жылда ел 500 млн доллар өтегенін нақтылады.
— Біз қарызымызды 1,3 млрд долларға дейін азайттық, оны 2035 жылға дейін толық өтеуді жоспарлап отырмыз, — деді ол.
Айта кетелік Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті.