Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті

АСТАНА. KAZINFORM — Садыр Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына түсу ниетін ресми түрде растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті
Фото: Кабар

Қырғызстан басшысы бұл туралы журналист Әли Токтакуновқа берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді

— Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсемін, — деді Қырғызстан басшысы саяси болашағы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Садыр Жапаров барлық мүдделі кандидаттар үшін жол ашық екенін және ешқандай шектеу болмайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ сайлау процесі кезінде мемлекеттік қызметкерлерге әкімшілік қысымның толығымен жойылатынына кепілдік берді.

— Кім сайлауға барғысы келсе — барсын. Біз ешкімді шектемейміз. Сайлау ашық және заңға сәйкес өтеді, — деді ол.

Осыған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылы өтетінін хабарладық

2026 жылдың шілде айында Қырғызстанда президент және парламент сайлауын өткізу ережесі өзгерді