Қырғызстан медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге күш көрсеткендерге жазаны күшейтті

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстан Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізіп, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және басқа да мамандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Қырғызстан медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге күш көрсеткендерге жазаны күшейтті
Фото: freepik.com

Қабылданған түзетулерге сәйкес, қызметтік, кәсіби міндетін атқарып жүрген немесе қоғамдық борышын орындап жатқан адамға жеңіл дене жарақатын салса, соның салдарынан денсаулығына зақым келсе немесе еңбекке уақытша жарамсыз болып қалса, ол үшін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін (шамамен 300 мың – 600 мың теңге) айыппұл қарастырылған.

Қызметтік міндетін, кәсіби қызметін немесе қоғамдық міндетін орындайтын адамға қатысты жасалған бұзақылық үшін де жаза белгіленген. Бұл қылмыс үшін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін (шамамен 300 мыңнан 600 мың теңгеге дейін) айыппұл салынады немесе үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Қырғызстанда алаяқтық үшін жаза күшейтілгені хабарланған

Соңғы жаңалықтар