Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін толық реттеді

БІШКЕК. KAZINFORM – Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғыз-Тәжікстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Кыргызстан и Таджикистан окончательно урегулировали вопрос границы
Фото: ҚР Министрлер кабинеті

Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының басшылары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.

Отырыс барысында делегация басшылары келесі жобаларға параграф берді:

- Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасы туралы келісім;

- Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану, автомобиль жолдарының қиылыстарын дамыту және пайдалану туралы келісім;

- Қырғызстан Министрлер кабинеті мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы су шаруашылығы және энергетикалық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы келісім.

Тараптар сондай-ақ тиісті екіжақты халықаралық шарттарды мемлекет ішінде мақұлдау рәсімін бастау жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара жөнінде келіскенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар