Қырғызстан президенті ҰҚМК басшысы Қамшы Көлбаевтың өлтірілгені туралы сөзіне түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында ҰҚМК басшысы Қамшыбек Ташиевтің заңды ұры Қамшы Көлбаевтың өлтірілгені туралы мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғызстан президенті ҰҚМК басшысының Қамшы Көлбаевтың өлтірілгені туралы сөзіне түсінік берді
Фото: Кабар

Қырғызстан басшысының атап өтуінше, ҰҚМК төрағасы ЖОО оқытушыларымен кездесуінде ана тілі емес орыс тілінде сөйлегенін атап өтті. Сондықтан оның қылмыстық әлем көшбасшыларының бірін жою туралы шешімді өзі қабылдағаны туралы мәлімдемесі жеткілікті дәлел айтылған жоқ. 

— Жоғарыда аталған оқиғаға келсек, расында да, ақпарат түскен бойда мен Бас прокурорға телефон соғып: «Оқиға болған жерге тез арада барып, мұқият тексеріп, маған ақпарат беріңіздер», дедім, — деп баяндады Қырғызстан басшысы. 

Бас прокурор мен әскери прокурордың мәліметінше, Қамшы Көлбаевты ұстау әрекеті кезінде ол қарумен қарсылық танытқан. Қауіпсіздік күштері өз өмірін қорғау үшін оқ жаудыруға мәжбүр болды, ақыры күдікті қаза болды.

— Басқа сөзбен айтқанда, қызметкерлер өздеріне берілген өкілеттіктер мен заң шеңберінен шыққан жоқ. Қылмыспен күресу үшін заң мен ереже бар. Бұл заңдар ешқандай бұйрықсыз қолданылды және орындалып келеді. Бұл туралы орыс тілінде сөйлеген Қамшыбек Қыдыршаұлы ойды толық жеткізе алмады, — деп түсіндірді президент.

Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев мемлекет мүддесі үшін қылмыстық әлем серкесі Қамшы Көлбаевты өлтіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр болғанын және Қырғызстанның ұйымдасқан қылмыстан азат елге айналғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар