Қырғызстан саудагерлер үшін патент жүйесін қайта енгізді

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстанда салықтық әкімшілендіруге бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.

 Қырғызстан саудагерлер үшін патент жүйесін қайта енгізді
Фото: freepik.com

Қырғызстан президенті «кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары, салық және салықтық әкімшілендіру мөлшерлемелерін оңтайландыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қырғызстанның мемлекеттік салық қызметінің мәліметінше, кәсіпкерлерді қолдау және салық жүктемесін азайту мақсатында елде сауда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін патенттік жүйе енгізілді. Бизнес жылдық табысқа байланысты салық төлейді.

Өзгерістерге сәйкес, 0,5% салықты қолдану үшін кіріс шегі 30-дан 50 миллион сомға дейін ұлғайтылды, ал 0,1% және 1% ставкалар жойылды. Зергерлік сала үшін жаңа салық ставкасы-0,25% белгіленді. Иесі анықталмаған субъектілердің атына тауарларды өткізу кезінде сатудан алынатын салық ставкасы төмендетілді-2% (бұрын 4%), оның атына немесе үшінші тұлғаның атына алынған және аударылған ақша қаражатының сомасынан туындайтын ҚР-дағы көзден алынатын табысқа 0,2% мөлшерінде ставка белгіленді. Салық төлеушілер мемлекет мұқтажы үшін жылжымайтын мүлікті айырбастаған жағдайда (мектептер, жол салу және басқалар) салықтан босатылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда сауда патенті 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап жойылды. Бұған дейін елде салықтық әкімшілендіру рәсімі жеңілдетілгені хабарланған болатын. Осы жылдың қаңтарында Қырғызстанда көлік салығы алынып тасталды және салықтық рақымшылық жарияланды.

Осыған дейін Қырғызстанға түскен ақша аударымдары $246,5 млн-ға жеткені туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар