Қырғызстан Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 11% деңгейінде сақтап қалды

БІШКЕК. KAZINFORM — Негізгі мөлшерлемені 11% деңгейінде сақтау туралы шешім 2026 жылдың 27 қаңтарында күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қырғызстан Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 11% деңгейінде сақтап қалды
Фото: Қырғыстан Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, ел экономикасы өсімнің жоғары қарқынын сақтап отыр, бұл негізінен құрылыс және қызмет көрсету салаларының арқасында жүзеге асырылды. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі аясында инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр. Тұтынушылық сұраныс тұрғындардың нақты табысының өсуі, таза ақша ағыны және белсенді тұтынушылық несиелендірумен қамтамасыз етіліп отыр.

Жылдық инфляция 9,4%-ды құрады. Реттеушінің орта мерзімді перспективадағы ақша-несие саясатының негізгі басымдығы инфляцияның 5-7%-ға дейін оралуын қамтамасыз ету болып қалып отыр.

Бұған дейін Қырғызстанда 2025 жылы ЖІӨ нақты өсім қарқыны 11%-дан асқанын жазған болатынбыз

Еске сала кетсек, 2025 жылдың қарашасында Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 100 базистік пунктке, 11%-ға дейін көтерді

Сондай-ақ Қырғызстан Ұлттық банкі мың тоннаға дейін алтын сақтай алатынын жаздық

Соңғы жаңалықтар
Референдум