Қырғызстанның ЖІӨ-сі шамамен 2 трлн сомға жетті

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда 2025 жылы ЖІӨ нақты өсім қарқыны 11%-дан асты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қырғызстанның ЖІӨ-сі шамамен 2 трлн сомға жетті
Фото: Кабар

Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиев аппарат отырысында елдің ЖІӨ көлемі 2025 жылдың соңына қарай 1 трлн 976,4 млрд сом болғанын, ал нақтыланған бағалаудан кейін 2 трлн сомнан асатынын хабарлады.

— ЖІӨ 2022 жылдан бері екі есе өсті. 2025 жылы ЖІӨ нақты өсім қарқыны 11,1%. Соңғы төрт жылда ЖІӨ нақты орташа жылдық өсу қарқыны 10,2%-ға жетті, бұл аймақтық және әлемдік деңгейде жоғары көрсеткіш, — деп атап өтті үкімет басшысы.

Қырғызстан Республтикасы Министрлер кабинетінің мәліметінше, құрылыс секторы 21,1%-ға, қызмет көрсету секторы — 10,9%-ға, ал ауыл шаруашылығы 2,2%-ға өсті. Өнеркәсіпте өсім 10,7% болды, бұл ретте өнеркәсіп өнімінің көлемі шамамен 800 млрд сомға жетті.

Жоғары өсім қарқыны фармацевтика саласында (1,7 есе), азық-түлік өндірісінде (30,1%-ға), резеңке және пластмасса бұйымдары, сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінде (35,7%), автомобиль өндірісінде (шамамен 2 есе), химия өнеркәсібінде (19,8%) және тау-кен өнеркәсібінде (14,2%) тіркелген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,4%-ға өсіп, 374,6 млрд сом болды.

Еске сала кетсек, елдің 2025 жылғы шоғырландырылған бюджеті алғаш рет 1 трлн 93 млрд сомға жетті

Соңғы жаңалықтар