Қырғызстана жол ережесін 3 рет өрескел бұзған жүргізуші қайтадан емтихан тапсырады
БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда көлік құралдары жүргізушілері бір жыл ішінде жол қозғалысы ережеcін үш немесе одан да көп өрескел бұзған жағдайда емтихан тапсыруға қайта жіберіледі, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасы ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Бас басқармасы.
Жергілікті заңнамаға сәйкес, жүргізушілер келесідей елеулі тәртіпбұзушылықтар үшін теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі:
* көлікті нөмір белгісінсіз жүргізу;
* көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамау;
* 40 км/сағ және 60 км/сағ жылдамдық режимін асыру;
* арнайы белгісі бар көлік құралдарына басымдық бермеу;
* басып озу немесе маневр жасау ережелерін бұзып, жолдың қарсы жолағына шығып кету;
* жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан жол құрылыстарына немесе басқа мүлікке зиян келтіру;
* жол қозғалысы ережелерін адам денсаулығына зиян келтіретіндей бұзу;
* көлік құралын басқаруды мас жүргізушіге немесе жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру.
Бұған дейін Қырғызстанда бір аптада жүргізуші куәлігін ауыстыруға 79 мыңға жуық өтінім түскенін жаздық.
Сондай-ақ Қырғызстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды ЖИ қабылдайтынын хабарлаған болатынбыз.