Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстанда АИ-95 бензиніне мемлекеттік баға реттеуі алынып тасталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет бұдан былай АИ-95 маркалы бензин бағасын реттемейді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

Госрегулирование цен на бензин Аи-95 отменили в Кыргызстане
Фото: Кабар

Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, АИ-95 бензині ішкі нарықта уақытша мемлекеттік бағаны реттеуге жататын әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінен алынып тасталды.

Айта кетейік, мамыр айының соңында ел билігі жанар-жағармай материалдарын импорттаушыларға уақытша субсидиялар және отын бағасын мемлекеттік реттеу енгізген болатын. Бұл шаралар экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ел халқын жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз етуге және ұлттық экономикалық субъектілерге мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қырғызстанның Энергетика министрлігі елде отын қоры жеткілікті екенін хабарлаған болатын. Дегенмен, импортқа жоғары тәуелділікке байланысты ел әлемдік бағалардың өзгеруіне, логистикалық тәуекелдерге және геосаяси жағдайға тәуелді болып қала береді. Тұрақты жеткізілімді қамтамасыз ету үшін Бішкек Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстанның құзыретті органдарына ресми сұраныс жіберді және жеткізілімдерді әртараптандыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске салсақ, Қазақстан Қырғызстанның бензин жеткізуге қатысты ресми өтінішін қарастырып жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, елдің отын бағасының өсуін тежеу ​​үшін бензин мен дизель отынына салынатын салықтарды уақытша төмендетуді ұсынып отырғаны хабарланды.