Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстан аумағында да сезілді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Эпицентрі Қырғызстанда болған жер сілкінісінен Өзбекстан аумағында да жерасты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстан аумағында да сезілді
Фото: Анадолы

Өзбекстанның Республикалық сейсмопрогностикалық мониторинг орталығының мәліметінше, бүгін сағат 17:09 болған жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта, яғни Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрдегі дүмпулердің магнитудасы - 4,2, тереңдігі - 10 шақырым.

Салдарынан Наманған облысына қарасты Касансай және Чуст аудандарында 2, ал Янгикурган ауданында 2-3 балдық жерасты дүпуі сезілді.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан сейсмикалық қауіпті аумақтарында салынатын нысандарға қойылатын талапты күшейтетінін жазып едік.

Соңғы жаңалықтар